Блогтар

Юлия Галышева және Дмитрий Рейхерд әлем Кубогі кезеңінде жүлдегер атанды

Юлия Галышева және Дмитрий Рейхерд әлем Кубогі кезеңінде жүлдегер атанды

     0

Шығысқазақстандық спортшылар Канаданың Тремблан қаласында өткен фристайл могулден әлем Кубогі кезеңінде жоғары нәтижеге қол жеткізді.
ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО қысқы спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ спортшылары әлем Кубогі кезеңінде жүлделі орыннан көрінді. Ерлер арасында жарыс жолына шыққан 60 спортшының ішінен Дмитрий Рейхерд 88.44 ұпай жинап, қола медальға қол созды. Бұл жолы тұғырдың ең биік сатысына 93.88 ұпаймен жапониялық фристайлшы жайғасты. Күміс медаль 93.27 ұпай еншілеген тәжірибелі канадалық Майкл Кинсберриге бұйырды.
Ал бұрымдылар арасында барлығы 49 спортшы өзара мықтыны анықтады. Шығысқазақстандық Юлия Галышева бұл сында 84.61 ұпайын жинап, әлем Кубогі кезеңінің қола медалін иеленді. Канадалық спортшы 87.43 ұпаймен жарыста топ жарды. Ал, жүлделі екінші орын 85.36 ұпай иемденген тағы бір канадалық фристайлшыға бұйырды.
Айта кету керек, әлем Кубогі кезеңінде өзге де шығысқазақстандық спортшылар өнер көрсетті. Аяулым Амренова 41 орын, Павел Колмаков 37 орын және Дмитрий Бармашов 21 орыннан көрінді.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
21 kzянваря 2018 в 12:11 0
Нравится

kzОтправить комментарий

Image CAPTCHA
Enter the characters shown in the image.



Kirу

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги