Блогтар

ШҚО спортшылары ел чемпионатында жүлдегер атанды

ШҚО спортшылары ел чемпионатында жүлдегер атанды

     0

Өскемендіктер Алматы қаласында киокушинкай-кан каратэ бойынша өткен ел чемпионатында жүлдегер атанған спортшыларды салтанатты түрде қарсы алды.
14 облыс және Астана, Алматы қалаларынан барлығы 275 спортшы қатысқан ел чемпионатында жас спортшыларымыз сәтті өнер көрсетті. Сайыста 12 жастан бастап, ерлер мен әйелдер шеберлік байқасты. Айта кетейік, жарыс «Кумитэ» және «Ката» деп аталатын 2 жаттығу түрі бойынша өтті. Облыс атынан 27 спортшы сынға түсті. Биылғы жылы шығысқазақстандық спортшылар тек, Астана қаласынан және Ақмола облысынан келген құрамаларды алға жіберіп, жалпыкомандалық есепте 3-ші орынға ие болды. Облыс құрамасының қоржынында 4 алтын, 5 күміс және 8 қола медаль бар. Аймақ құрамасының сапында өскемендіктерден бөлек, Глубокое, Шемонаиха аудандарынан және Семей қаласының спортшылары болды.
– Ең бірінші біздің барлық бапкерлік құрамға, қолдау танытқан ата-аналарға алғысымды білдіргім келеді. Аталмыш спорт түрінің дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан Шығыс Қазақстан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасына жеке алғысымды айтқым келеді, – деді Шығыс Қазақстан облыстық киокушинкай-кан каратэ филиалының жетекшісі Руслан Алшымбаев.
Үздік нәтиже көрсеткен спортшылар қарашаның 19 күні Румынияда өтетін Еуропа чемпионатына аттанатын болады. Ол жарыстан кейін облыс құрамасы желтоқсанның 23-24 күндері Астана қаласында өтетін халықаралық жарыста бақ сынайтын болады.
«Кумитэ» жаттығуы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
40 кг салмақта
1 орын Д.Костубаев
45 кг
1 орын Г.Гуров
45 кг-ден жоғары салмақта
1 орын Ж.Едлипова
50 кг
2 орын С.Картавцева
65 кг
2 орын Д.Баклашов
2 орын Е.Даубаев
50 кг-ге дейінгі салмақта
3 орын Д.Митрофанов
45 кг-ге дейінгі салмақта
3 орын Д.Казбеккызы
60 кг
3 орын Р.Курятков
80 кг
3 орын Б.Аксенов
55 кг-ден жоғары салмақта
3 орын А.Ожогина
55 кг
3 орын М.Васильев
60 кг-ге дейінгі салмақта
3 орын В.Чензе
Сондай-ақ, «Ката» жаттығуы бойынша өз салмақ дәрежесінде М.Калюжин 1 орын, Ж.Едлипова 2 орын және А.Семизбаева 3 орынға ие болды.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі

    
24 kzоктября 2017 в 10:21 0
Нравится

kzОтправить комментарий

Image CAPTCHA
Enter the characters shown in the image.



Kirу

Реклама

Радио онлайн

Выберите радиостанцию:

Популярные блоги